Басты ақпарат

Көпбалалы отбасыларды қолдау

Жақында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтің жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын.

Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев басшылық ететін бұл топтың құрамы «Нұр Отан» партиясының, әлеуметтік-экономикалық блок, инфрақұрылымдық даму, ішкі істер және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұрады. Комиссия жұмысына бейінді ҮЕҰ, сарапшылар мен жұртшылық өкілдері тартылды. Жұмыс тобы екі ай ішінде Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет. Бірер күн бұрын бұл топтың кезекті отырысы өтіп, қалған бір жарым ай ішінде атқарылуы тиіс жұмыстың негізгі бағыттары анықталды.
Жұмыс тобының бұл отырысын қалалық әкімдікте көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасы мүшелері тікелей эфирде көріп, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, қазір Астанада «Ашық есік» апталығы өтіп жатыр. Онда қала тұрғындары, көпбалалы аналар баспана, жәрдемақы секілді түйткілді проблемаларды қозғады. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен оның орынбасарлары және басқарма басшылары тұрғындардың өтініш-арыздарын толығымен тыңдап шықты. Нақты жоспар жасалып, шешімдер қолға алынуда. 13 ақпаннан басталған апталық аясында бүгінге дейін 1000-ға жуық азамат қабылданды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button