Мәдениет

Көз тимесін…

Елордадағы «Forte Bank Kulanshi Art Space» галереясында белгілі қылқалам шебері Лейла Махаттың «Көз тимесін» көрмесі ашылды.Бұл көрмеге суретшінің Қазақстан мен Австрияда жасаған жұмыстары қойылды. «Көз тимесін» картиналар топтамасы автордың Ұлы даланың сәулет өнеріндегі көне ескерткіштерін зерттеуінің нәтижесінде пайда болған. Мойынтұмарлардың пішіндері мен өрнектері еліміздегі археологиялық зерттеулерден бастау алады. Түстік шешімдерді түсіндіруге картиналарды салу барысындағы эмоционалдық фон себеп болған. Шебердің тағы бір топтамасы «Woman in Art» деп аталады. Көрменің жеке бөлімі Абай атамыздың қара сөздеріне арналған туындылардан құралған. Қара сөздерден келтірілген үзінділер хакім атамыздың философиясына көрсетілген құрмет ретінде кенептің галактикалық абстрактілі кеңістігіне орналастырылған.
Көрменің ашылуында сөз алған қалалық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов осында келе жатып, Лейла Мақат бізді тағы немен таңғалдырады екен деп ойлағанын айтты.
– Шын мәнінде, ол кісі ұдайы таңғалдырып жүреді. Көрмені аралап көрдім. Маған картиналар жандылығымен, табиғилығымен ерекше ұнады. Лейла кез келген туындысына бар таланты мен өнерін жұмсайды. Сол үшін де оны ерекше қадірлеймін, – деді ол.
Сондай-ақ шара барысында дарынды опера әншісі Майра Мұхамедқызы өз әндерімен келушілердің ықыласы мен қошеметіне бөленді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button