Мәдениет

Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…

Жастар театры «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» қойылымын сахналады. Өнер ұжымы жұртшылыққа бұрыннан таныс шығармалардың заманауи қойылымдарымен қуантуда. Театрда сахналанған «… Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» атты сахналық повесть – солардың бірі. Қойылым Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына негізделген. Алайда қойылымда заманауи көзқарас пен тың мінездер ұштасады.

[smartslider3 slider=592]

Бас кейіпкер – сол баяғы өзімізге етене таныс Қожа. Қойылымның негізгі идеясы Қожаның Жанарға деген алғашқы пәк махаббаты аясынан өрбиді. Шын ғашық болудан артық бақыт жоқ. Әсерлі лирикалық әуен аясында көңіл түкпіріндегі балалық шаққа саяхаттайсыз. «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» қойылымы бала махаббатқа деген аяулы сезім – сағыныш сазын жыр етеді. Қоюшы режиссер және инсценировка авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button