БілімЖаңалықтар

«Bilim all» орталығы күтеді!

Бас қалада әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған тағы бір Bilim all орталығы жұмыс істейді.
Bilim all оқу орталығын Есіл ауданында Strong Mothers Ns қоғамдық қоры ашты. Мұндай екі орталық осыған дейін Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан.

[smartslider3 slider=593]

«Бүгін біз үшінші Bilim all білім беру орталығының ашылуында тұрмыз. Орталықты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар, көпбалалы аналар ашқаны қуантады. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері өз бизнесін дамыта алатындығын дәлелдейді. Бұл жерде халық үшін ең бастысы қолжетімділік бар» деді орталықтың ашылуында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Strong Mothers Ns қоғамдық қорының басшысы әрі әлеуметтік кәсіпкер Райгүл Серікбаеваның айтуынша, орталықтар желісін ашуға көпбалалы ана болғаны әрі өзінің тәжірибесі әсер еткен.
«Мен ағылшын тілінің ұстазымын және серіктестерім де мұғалім, сондықтан біз бірге Bilim All жобасын ашуды ұйғардық. Мен, ана ретінде, балаларымды оқытуда қиындықтарға тап болдым: бәрі қымбат және алыс. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қолжетімді қосымша білім алуына мүмкіндігі жоқ. Мұндай балаларға көмектесу менің арманым болды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ): көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, мүгедектігі бар және толық емес отбасылардан шыққан балалар жатады» деді қоғамдық қор басшысы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button