Мәдениет

Күй керуені

Ертең барлық білім беру ұйымында елорда уақыты бойынша сағат 12:00-де «Наурыз мейрамы» ұлттық челленджі өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Аман Сейітов мәлім етті.

Департамент басшысы ­челлендж білім алушыларды ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыка аспабын насихаттауға бағытталғанын айтады.

«Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Мұндай челлендж оқушылар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Жұма күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта домбыраның қоңыр үні күмбірлейтін болады. Бұл – республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға» деді Аман Сейітов.

Биыл еліміздің барлық жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мейрамы 10-17 наурыз аралығында өтеді.

Бұл күндері жалпыреспубликалық «Таза табиғат» акциясы, «Жасыл үй» челленджі, «Қайы­рымды ұлт», «Қолөнершілер жәрмеңкесі» қайырымдылық акциялары, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар фестивалі, «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты сурет байқауы және «Отбасы – бақыт мекені» отбасы жарысы басталады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде #Наурызмейрамы, #Наурызкүйі хештегімен флешмобтар мен челлендждер жоспарланған.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button