Елорда тынысы

Күшейтілген режимге көшті

Астанада қар аралас жаңбыр жауғаннан бері көшелерді тазарту үшін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қар күреу жұмысы тәулік бойы жүргізіліп отыр. Күндізгі ауысымда 1000-нан аса арнайы техника жұмылдырылып, 2000-нан аса жол жұмысшысы еңбек етуде. Ал түнгі ауысымда 700-дей техника мен 700-дей жол жұмысшысы қамтылып отыр.

Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланып жатыр. Сонымен қатар көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Өткен демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауғанына байланысты бір тәулікте қала сыртындағы полигондарға 2,1 мың ауыр жүк рейсі арқылы 27 мың текше метр сулы қар шығарылды. Жалпы, қыс мезгілінің басынан бері қаладан 6,1 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 451 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең жүк болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button