Елорда тынысы

Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Елордалық боксшы Айбек Оралбай Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Бокстан әлемдік бірінші турнирде 92 келіде Қазақстан құрамасы сапында сынға түсіп жатқан астаналық боксшы Айбек Оралбай ширек финалда АҚШ боксшысы Жамар Таллейді айқын басымдылықпен ұтып, Олимпиада ойындарында жолдама алды. Олимпиадаға қатысуға тағы бір астаналық боксшының мүмкіндігі бар еді, өкінішке қарай Валентина Хальзова (75 келі) шешуші жекпе-жекте Ұлыбританиялық қарсыласына жол беріп қойды.

Ал түнде астаналық Нұрбек Оралбай да (80 келі), сондай-ақ қазақстандықтар арасынан Алуа Балқыбекова (50 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Сабырхан Махмұт (57 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) Олимпиада ойындарына жолдама үшін жекпе-жекке шықты.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button