Мәдениет

Ләззаттың кезекті жеңісі

15-26 наурыз аралығында Үндістан астанасы – Нью-Дели қаласында шаршы алаңда бокс­тың үздіктері анықталды.

Әлем чемпионатында астаналықтар Римма Волосенко 60 келі салмақта сынға түссе, Ләззат Күнгейбаева 81 келіде жоғары салмақта өнер көрсетті. Біз қос жерлестің жарыс жолын жіті қадағалап отырдық.

Сонымен, Волосенконың алғашқы қарсыласы Азияның екі дүркін чемпионы өзбекстандық Ситора Тұрдыбекова болды. Жекпе-жек тартысты өрбіп, алма-кезек шабуылға ұласты. Римма қарсыласына қарағанда белсенді болып, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Келесі айналымда Сербия өкілі Наталья Шадринаны ұтты. Алайда ширек финалда қытайлық Вэнлу Янмен кездесіп, есе жіберіп, жүлдесіз қалды.

Ал Ләззат Күнгейбаева рингте өзіне сенімді болып, қарсылас­тарынан айласын асырды. Ол жартылай финалда Әзербайжан боксшысы Айнур Рзаевамен қолғап түйістіріп, басым түсті. Финалда Марокко өкілі Марди
Хадиджамен кездесіп, төре­ші­лердің шешімімен есе жіберді. Сөйтіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ләззат Күнгейбаева 2014 жылғы Кореяның Чеджу қаласында өткен әлем чемпионатында екінші, 2016 жылы Астана қаласында байрағы көтерілген әлем чемпионатында бірінші орын алған еді.

Нью-Дели рингінде 57 келі салмақта Карина Ибрагимова екінші орын алса, Алуа Балкибекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді. Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы 6 медаль жиынтығымен жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button