Жаңалықтар

Майдан әндері шырқалды

«Астана» концерт залында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Құрметті қонақтар ретінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері шақырылды. Концертте майдан әндері мен бейбіт жылдары жазылған соғыс туралы, ерлік даңқын паш ететін және Ұлы Жеңіс жайындағы шығармалар шырқалды. 

«Жас сарбаз» балалар хоры «Соғысты тоқтатыңдар!» әнімен концерт шымылдығын түріп, өскелең ұрпақтың бейбіт күнге тілегін жеткізді.
Концерт барысында сарбаздардың басынан өткен қиыншылықтар туралы «Қош болыңдар, жігіттер!» лирикалық композиция­сы, соғыстың кесірінен бір-бірінен айырылған ғашықтардың сезімі туралы «Кестелі орамал» әні, «День Победы», «В осеннем парке», «Нам нужна одна победа», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Ана туралы баллада», «Анаға хат», «На безымянной высоте», «Месяц май», «Служу, не тужу», «Туған ел», «Смуглянка», «Әлия» сынды көпшілікке таныс және өзге де әндер айтылды.
Әндерді Жұлдыз Уәлихан, Рүс­тем Нұржігіт, Мәдина Сәдуақасова, Ален Самыкен, Ринат Мальцагов, Игорь Благодарный, Айнұр Әбдиева, Олеся Новак, Диана Май, Мұратбек Хайролда, Марина Бейсехан, Мейір Байнеш, Дәурен Төлеубаев, Dinaya, Альбина Оганесян сынды талантты артистер және «Рояль» тобы орындады.
Концерт «Артист» балетінің бишілері және елордалық «Жастар» театрының актерлерінің хореографиялық және театрландырылған қойылымдарымен көркемделді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button