Денсаулық

Мамандандырылған көмек көрсетеді

Қалалық №8 емхана базасында психиатриялық көмек көрсететін бастапқы орталық ашылды. Елорда бойынша мұндай орталықтар 7 мыңнан астам тұрғындарға көмек көрсетіп келеді.

Енді консультативті кеңеске жүгіну үшін қала тұрғындарына қалалық бас психиатрия денсаулық орталығына бармай-ақ, тұрғылықты мекенжайы бойынша жақын жерде орналасқан емханадан көмек ала алады.

Нұр-Сұлтан қаласының Медициналық психиатрия денсаулық орталығының директорының айтуынша, пандемия кезінде әр адамның психикалық жағдайын күтуі және оған көңіл бөлуі өте маңызды. «Бүкіл әлемде 10 қазанда психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Адамның психикалық денсаулығы дегеніміз өз әлеуетін іске асыра алатын, стресті жеңе алатын әл-ауқат жағдайын білдіреді. Пандемия кезінде көптеген адамдар қарапайым өмірлік қиындықтарға тап болып, қиындықтардан шығудың жолын таба алмады. Осындайда бастапқы орталықтардың көмегі керек-ақ» деді медициналық психиатрия денсаулық орталығының директоры Ольга Комарова.
Бүгінде осындай орталықтар қалалық №2, №6, №9, №10 емханаларда ашылған. Мамандандырылған көмекті көпсалалы бригада, психиатр, психотерапевт, психолог, әлеуметтік қызметкерлер көрсетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында ересек тұрғындар арасындағы ауыр психикалық және мінез-құлық бұзылыс­тарына шалдыққандардың саны 2019 жылғы 306-дан 2020 жылдың 9 айына сәйкес 192 жағдайға дейін төмендеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button