ЖаңалықтарҚала тіршілігі

МӘРЕГЕ ШЫҚТЫ МЫҢ БАЛА

аула клубтары

Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры «Аула клубтарының көрме байқауы» атты көңілді жарыс ұйымдастырды. Оған 9 аула клубының 1000-ға жуық тәрбиеленушісі қатысты.

Әрбір аула клубы атынан 20 баладан құрылған топтар алдын ала бекітілген ережеге сәйкес, «Күш атасын танымас», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Балалық шаққа саяхат», «Ән – көңілдің ажары», «Ертегілер әлемі», «Ойлан, тап!», тағы басқа сайыстарда өзара бәйгеге түсті. Онда балалар кезең-кезең бойынша өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, сурет салып, шығармашылықтарын шыңдады. Өз отаны мен қаласы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, аула клубтары оқушылар арасында кеңінен танымал. Тәрбиеленушілер саны күн сайын артып келеді.

Іс-шараның соңы мерекелік концертке ұласты. Онда аула клубтарының тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. Сайқымазақтар оқушыларға көңілді бағдарлама ұйымдастырып, түрлі ойындар ойнатылды. Соңында балаларға тәтті сыйлықтар үйлестірілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button