Мәдениет

Мажар суретшісінің көрмесі

Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы және Мажарстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 30 жыл толуына орай Мажарстан Өнер академиясының мүшесі, графика суретшісі, аниматор, жазушы, Кошут атындағы ұлттық сыйлықтың лауреаты Иштван Оростың «Суретке салынған уақыт» атты көрмесі ашылды.

[smartslider3 slider=3469]

Көрменің ашылу салтанатында Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықов екі ел арасындағы мәдени байланыстың маңыздылығына тоқталып, аталмыш көрме түбі бір түркі жұртынан таралған қазақ және мажар ұлттарының өнераралық байланысын суреттейтінін атап өтті.

Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона Қазақстан мен Венгрия арасында мәдени-гуманитарлық және басқа да салалар бойынша тығыз ынтымақтас­тық қатынастар тұрақты дамып жатқанын, осы көрме де соның жарқын көрінісі екенін айтты.

«Суретке салынған уақыт» көрмесінде «Жасырылған бейнелер», «Айналар мен оның шағылулары», «Бос» сияқты бірнеше топтама, абстрактылы туындылар да қойылды. Иштван Орос дәстүрлі сурет салу техникасында бейнеленген визуалды парадокстарды және кеңістік елестерін пайдалана отырып, күрделі оптикалық иллюзияларды жасайды. 1984 жылдан бастап суретші грек тілінен аударғанда, «ешкім» мағынасын білдіретін «Утис» (Utisz) лақап есімін қолданады.

Суретші классикалық бейнелеу өнері мектебінің шәкірті бола отырып, ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрлерді, батыл жаңашыл идеяларды біріктіретін, өзіндік ерекше, қайталанбас стилін жасағанын байқауға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button