Мәдениет

Бас жүлде – «Елорда кубогы»

Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірімдер арасында «Елорда кубогы» жүлдесі үшін футбол фестивалі ұйымдастырылды.

[smartslider3 slider=3472]

Фестивальге елордамыздың орта мектеп оқушылары және қалалық футбол бойынша №8 БЖМОРСМ  тәрбиеленушілері, жалпы алғанда, 260-тан аса жас жеткіншектер қатысты. Қалалық ашық турнирге 9 және 10 жас санатындағы жасөспірім футболшылардан құралған 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Турнир басталар алдында Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев жасөспірім футболшыларға сәттілік тіледі.

«Спортпен шұғылдану алдымен денсаулықты шыңдайды, сонымен қатар тәртіпке үйретеді, адамның мінезін қалыптастырады. Сондықтан біз балалардың спортпен айналысуына жан-жақты қолдау білдіреміз. Ал балалар болса, өздерінің спорттағы мүмкіндіктерін қазірдің өзінде көрсетіп отыр. Жас футболшылар болашақта кәсіби спортшы болады деп сенеміз» деп атап өтті басқармасы басшысы.

Ойындар нәтижесінде 2012 жылғы жасөспірімдер арасында «№8 БЖМОРСМ (а)» командасы қарсылас шақ келтірмей, «Елорда кубогының» жеңімпазы атанды. Екінші орынды «Айбын» командасы алса, үздік үштікті «№8 БЖМОРСМ (б)» спортшылары түйіндеді.

Ал 2013 жылы туған жас­өспірімдер арасында «Айбын» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды ерекше атаумен көзге түскен «Футниндзя» командасы иеленді. «Фабрика» командасы үшінші орынға табан тіреді.

Қалалық ашық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Нұр-Сұлтан қаласы футбол федерациясының президенті Давид Лория мен №8 БЖМОРСМ басшысы Дінмұхамед ­Курамаев құттықтап, кубоктар, дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар тапсырды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button