Шаһар шежіресі

Мейірім шашқан дәріхана

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасында Целиноград қаласында фармацевтика саласы жақсы жолға қойылғанын байқаймыз. Олай дейтініміз, шағын шаһарда сегіз дәріхана жұмыс істеп, жанына шипа іздеген адамға дәрі-дәрмек табу онша қиындық келтірмеген.

Байырғы қала тұрғыны Инга Ахмерованың айтуынша, әсіресе, Комсомольская көшесі, 23 үйде орналасқан №7 дәріханаға адамдар жиі келетін болған.

– Онда жандары жайсаң, қашанда жүздерінен мейірім нұры төгіліп тұратын Раиса Мұхамедова, Раиса Тоқанова, Галина Гордиенко сияқты өз ісінің білгір мамандары жұмыс істеді. Қай кезде барсақ та, бізге мұқият көңіл бөліп, керекті дәрі-дәрмегімізді тауып беретін деп еске алады ол.

Бұл сурет 1975 жылы түсірілген. Суретте №7 дәріхананың меңгерушісі Г.П.Гордиенко

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button