Басты ақпаратМәдениет

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МАУСЫМНЫҢ МЕРЕЙІ

Астанадағы М.Горький  атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры  мерейтойлық 115-ші маусымын салтанатты шарамен аяқтады.

1c24246365e3f0c448fc503c8493c56a

Ғасырдан астам тарихы бар театрдың елорда руханиятындағы орны бөлек.  Мерейтойлық маусым театр үшін де табысты кезең болды. Жаңа маусым белгілі жазушы, драматург Болат Жандарбековтің «Сақ патшайымы – Томирис» атты спектакльімен ашылған еді. Оған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, жоғары баға берген болатын. Одан кейін де өнер  ұжымы Санкт-Петербург қаласы мен Алматыда өткен Халықаралық театр фестиваліне қатысып, жүлделі орынға қол жеткізді. Ал таяуда ғана бас қалада болған «Сахнадан сәлем» атты IV театр фестивалін да шетелден келген мамандар театр әртістерінің өнерін жоғары бағалады.

–Біздің өнер ұжымы  еліміздегі тарихы терең театрлардың бірі саналады. Осы мерейтойлық маусымды жақсы жетістіктермен аяқтап отырмыз. Түрлі халықаралық театр фестивалдеріне қатыстық.  Әрістеріміздің өнері жоғары бағаланды. Мәселен, Томирис рөлін сомдаған талантты актриса Анастасия Воронцова мәдениет саласындағы Президент стипендиясының иегері атанды. Жетекші актеріміз Роман Чехонадский Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  болды. Денис Анников «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Тағы біраз өнерпаздар пәтермен қамтамасыз етілді. Бір жыл ішінде осындай игі жұмыстар атқарылды, – дейді аталған театрдың директоры,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Қасенов.

32053c45fb6db95006c32e24c8230d89

Салтанатты шарада театр әртістері бұрын осы ұжымда еңбек етіп, өмірден озған талантты тұлғаларды еске алып, олардың рухына тағзым етіп, көрермендерге маусымдағы үздік қойылымдардан үзінділер көрсетіп, шуақты сезім сыйлады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button