SportЖаңалықтар

АСТАНА КҮНІН АЙШЫҚТАҒАН ЖАРЫСТАР

Астана күні мерекесін елордалық спортшылар қауымы  бастап кетті. Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда «Астана кубогы» турнирі жалауын көтерді.

ERM_6529

Астана қаласындағы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасындағы мерекелік жарысқа 23 команда қатысуда. Орталық стадионның алаңы төртке бөлінген. Бір сәтте төрт ойын қатарынан өтуде. Ала допқа  бір мезгілде 40 адам арбалып жүр. Тамаша көрініс! Тамаша атмосфера!

Бірінші болып алаңға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазынашылық департаменті футболшылары шықты. Білім басқармасы мен Мемлекеттік кірістер  басқармасы осы жарыстың фавориті саналып отыр.

 Астананың 18 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кешке қарай анықталатын болады.

Осындай жарыстар мерекені айшықтай түседі ғой. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, мекемелер қызметкерлері арасындағы ынтымақты нығайтуға әсер етеді деп ойлаймын. Жарысты ұйымдастырған Астана қаласының әкімдігіне алғысымыз шексіз, – дейді жарысқа қатысушылардың бірі  Жасұлан Садықов көңілі марқайып.

Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт сарайында су добынан да «Астана кубогы» үшін халықаралық жарыс өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасындағы жарысқа Ресейдің және Қазақстанның бірнеше қалаларынан командалар қатысуда. Бұл жарыстың жеңімпаздары 5 шілде күні белгілі болады.

ERM_5958

Сонымен, Астана күніне арналған спорттық жарыстар басталып кетті. Ертең «Қазақстан барысы» турнирін көретін боламыз. «Асық ату» жарысын да көпшілік асыға күтіп жүр.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button