Руханият

Мерекеге сән қосқан тоғызқұмалақ

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында мәдениет қызметкерлері арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

14 наурыздан басталған наурыз тойы әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі «ұлттық спорт күніне» орай мәдениет саласының қызметкерлері арасында  халқымыздың ақыл-ойды дамытатын ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан жарыс ұйым­дастырылды. Бұл да – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау­дың бір көрінісі. Жарысқа қатысқан ойыншыларға табыс тілеймін, – деді жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов.

«Ұлттық спорт – ұлтымыздың мақтанышы және ұлттық бренді» атты ұранымен достық қарым-қатынасты нығайту және мәдени мекемелер арасында ұлттық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Астанадағы мекемелерден 10-нан аса ойыншы бақ сынады. Жарыс соңында жеңімпаздарға 1, 2, 3-орын бойынша арнайы жүлделер берілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button