Ел тынысыКөңіл айту

Нұрбаев Ғұмар Қарысұлы

Астана қаласының сәулет қауымдастығы, достары, әріптестері, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС, «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ ұжымы, «Қазақстанның қала құрылысшылары одағының астаналық филиалы» ҚБ Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі Нұрбаев Ғұмар Қарысұлының қайтыс болуына байланысты қайғырып, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Ғұмар Қарысұлы 1958 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданының Мойылды ауылында дүниеге келген.

Орта мектепті бітірген соң 1976-1978 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді, кейіннен Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» совхозында жұмыс істеді.

1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтында «Сәулет» мамандығы бойынша оқуын тәмамдады. Одан әрі тарату бойынша Целиноград қаласына келді. 1985 жылдан бастап 1994 жылға дейін «Целингорсельпроект» жобалау институтында (кейіннен Целингражданпроект) сәулетші, сәулет шеберханасының бастығы, жобалау институтының бас сәулетшісі ретінде қызмет етті. Одан кейін сәулетші, бөлім басшысы ретінде түрлі ұйымдарда өзінің кәсіби қызметін жалғастырды.

2001 жылы «Астана бас жоспары» жобалау институты құрылған кезден бастап Ғұмар Қарысұлы жаңа бас жоспар шеберханасын басқарды. Жаңа астананың қала құрылысы жобаларын жобалауды ұйымдастырды. 2001-2007 жылдары оның қатысуымен қарқынды дамып келе жатқан жас астананың көптеген түбегейлі жоспарлау жобалары әзірленді. 2003 жылы «Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығының дөңгелек алаңы құрылысы» жобасы бойынша жұмысты басқарды. 2007 жылы Ғұмар Қарысұлы жобалаудың барлық сатыларының: ТЖЖ – бас жоспарға, эскиздік жобаның – ТЖЖ, жұмыс жобасының – эскиздік жобаға және т.с.с. сәйкестіктерін бақылауды қамтамасыз ететін жобалау құжаттамасының мониторингі шеберханасының жұмысын ұйымдастырды.

2008 жылдың желтоқсан айында Қазақстан ­Рес­публикасы Президентінің Жарлығымен Нұрбаев Ғұмар Қарысұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Оның тікелей қатысуымен Астана қаласының орталық базары ауданындағы бірінші жаңа мешіт, ҚР Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы (Республика даңғылы-Бараев көшесі), Абылай хан даңғылындағы тұрғын үйлер, Қабанбай батыр даңғылындағы 30 мың дұға етушіге арналған Астана қаласындағы жаңа мешіт жобаланды.

Еліміздің көптеген қалалары мен елді мекендерінің қала құрылысы және сәулет жобаларын әзірлеуге қатыс­ты (Атырау қаласы, Ақмола облысының елді мекендері). Түркістан қаласындағы Керуен сарайы объектісін де ол жобалады.

Ғұмар Қарысұлының қарындаштың бірнеше штрихімен кескіндерді беруге және кез келген сәулет және қала құрылысы идеясын елестетуге, жобалау процесін кәсіби түрде ұйымдастыруға, әдеттегі жұмыс процесіне шығармашылық сипат беруге ерекше қабілеті болды. Ол оқушылардың бүкіл саңлақтарын тәрбиеледі, сәулет және қала құрылысы саласында танымал беделді болды.

Ғұмар Қарысұлы өмір бойы сүйікті ісіне берілген, еңбек жолын қарапайым сәулетші болып бастап, 38 жылдан астам сәулетші болып қызмет атқарды.

Біздің есімізде Ғұмар Қарысұлы ашық, ақкөңіл, зиялы, жігерлі адам болып қалады, ол тамаша, жарқыраған, әзіл-оспақты түсінетін, позитивті, сыни ойлайтын, әріптестерін қолдауды және бағыттауды білетін адам, жақсы отағасы, жұбайына сүйікті жар және шынайы одақтасы, отбасына тірек болды, тамаша балаларды өсірді, немерелерін сүйіс­пеншілікке бөледі.

Қайғырып көңіл айтамыз. Есімізде мәңгі қалады.

 Достары, әріптестері,

Астана қаласының сәулетшілері, Қазақстанның қала құрылысшылары

одағының астаналық филиалы, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС

ұжымы 2023 жылғы 6 ақпан

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button