Руханият

Объективте – әр алуан Астана

«Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда екінші мәрте халықаралық PHOTOfest.KZ фотокөрмесі ашылды.

Астанаға арнайы келген кәсіби фотографтар 5-8 шілде аралығында елорданың әр қырын суретке түсірген болатын. Осы жылғы фестивальдің бір ерекшелігі, 20 фотограф нақты 20 бағытты таңдап, жұмыс істеді. Олар бас қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани келбетін жан-жақты қамтып, көрсетуге тырысты. Халықаралық көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырып отыр.
«Астана – шетелдік фотографтардың объективінде» атауымен өткен фотокөрмеде Қытай, Жапония, Франция, Италия, Германия, Англия, Ресей, Армения, Әзербайжан сынды елдерден келген кәсіби фотографтардың ең үздік шыққан 200-ге жуық туындысы қойылды. Олардың арасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше суретін түсіріп, әлеуметтік желіде бірден танымал болған Армения Президентінің жеке фотографы Давид Акопян, суретті түсірудің ерекше әдіс­терімен көзге түскен мәскеулік Валерий және Наталья Черкашиндар бар.
Келем деушілерге есік ашық, фотокөрме 1 ай бойы жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button