Қоғам

Ой таза болмаса, балаға жақындама!

Құндызай ЕРІМБЕТОВА:

– Соңғы ширек ғасырда мұға­лім атына кір келтіргендер саны басым болып кетті. Адами құндылық өзгеріске түсті. Қолындағы затты алу, алмауына байланысты оқушылардың бағасын айқындайтын мұғалім­дерді көргенде жаға ұстайтын онжылдықтар өтті. Ақырында, қасиетті мамандықты материал­дық мүддемен ғана теңестіретін ұстаздар қауымы пайда болды. Арасындағы таза жұмыс атқаратындар «қасиетсіз» адам ре­тінде күн кешуде… Айта берсең, жү­регің ауырады. Осының барлығы рес­публикадағы бі­лім басқармалары мен мектептерде бас­шылықтың таныс-тамыр, сыбайлас, ым-жым арқылы тағайындалуынан. Енді ата-аналарға бар кінә артыла бастады. Таза адамды басшылыққа жолатпайды. Өйткені ол «қасиетсіз», жоғарыдағылармен тіл табыса алмайды, ақша жасай алмайды. Ал қазір тәрбие емес, басты мәселе ақшаға ауыңқырап тұр. Ой таза болмай, балаға жақындай алмайсың. Мен Алматы байланыс колледжінде жұмыс атқарғанда мектептен өлімсіреп зорға үшке оқыған балалардың кейбірі қызыл дипломмен бітірді. Себебі колледж оқытушыларының ішінде 20-30 жылдық өзге ұлттың өкілдері басым болатын, ал қазақ оқытушылар болашақтың технарлары өзімізден шығу керек деген патриоттар еді, олар тек білімді талап ететін. Сонда мектепте көріксіз болған балапандар қалай қызыл дипломмен бітіреді? Бұл кімдер тарапынан жіберілген қате? Бастысы, тәжірибемнен ұққаным, балаға шынайы қамқорлық жетіспейді. Педагог Құран ұстап жүрген молда тәрізді болуы шарт. Осы мамандықты таңдаған екен, қиындыққа шыдау керек, іздену керек. Оқушымен тек сабақ, парыз, отаншылдық тақырыбында ғана арақатынас сақталынуы тиіс қой. Қазір ол өзгеріске түскен. Сондықтан рухани жаңғырамыз десек, іс-әрекет жоғарыдағы халықтың түбіне жететін «шыр­мауық­тарды» тазартудан басталуы керек деп ойлаймын. Алайда тамырлап кеткен жағдайда оны жою да қиын. Әрине, бұл – жеке пікірім. Ұстаздар, жаратқан сіздерге қуат берсін, ешкім несібесіз туылмаған!

Ақмарал АҚАНБАЕВА:

– Білмеймін, өз басым мектепте қанша жыл мұғаліммін. Жеке басымның қажеттілігі үшін ешкімнен ақша сұрамаппын. Сыйлыққа ақша берсе – алмаймын. Бұл жағынан халықтың алдында ақталмаймын, арым таза. Керісінше, үйдегіні мектепке тасимын, принтер, ақ қағазға дейін. Қажетімді өз қалтамнан шығарып аламын. Кейде жетекшілік етіп жүрген ұстаздарға, жетістікке жетіп жүрген оқушыларыма да сыйлық жасап қойғанды ұнатамын. Жалақымды алғанда оқушыларыма да сыйлық жа­сағанды жақсы көрем. Ка­бинетімді де талай өзім жаб­дықтадым, көрнекіліктерді де өз ақшама алам. Ал оқу­шы­лардың ата-аналарына кейде сыныпқа гүл алуды, гүлдің ыдыстарын бірдей жасауды, балалардың таным көкжиегі кеңею үшін түрлі жерлерге алып баруға атсалысуларын (театр, музей, т.б) өтінетінім бар. Әр баланың жақсы жерде отырып, әдемілікке көзі үйренсінші деп ойлаймын. Себебі менің алатын жалақым бәріне жете бермейді. Ұстаздарымнан да, оқушыларымның ата-аналарынан да артық ақша шығып кетсе, өзімнің «жаным шығып» кетеді. Дегенмен соңғы кезде мектепке бюджеттен ақша көп бөлінеді деп шуылдап жатқанды жиі ести­мін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button