Мәдениет

ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ ӨНЕРПАЗДАР

7 қазан күні Бейбітшілік және келісім сара­йында «Сәт» тобының «Өмірге ғашықпын» атты концерті өтеді. Кеш сағат 19.30-да басталады.

"Сәт" тобы

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған композитор Садық Қынаттың «Көнеміз ғой» әнімен тұсауы кесілген топ­тың өнерге аяқ басқа­нына биыл 8 жыл толды. Содан бері бір­неше бай­қауға қа­тысып, жүл­­де­гер­лер­дің қа­та­ры­нан көріну­де.
«Сәт» алғаш­қы жүл­десін Ас­та­­нада өткен рес­­пуб­лика­лық бай­­­­қауда алды. Бұ­дан соң Санкт-Пе­тербург қаласын­дағы «Кастальский ключ» халықаралық бай­қау­да үздік атанып, мүмкіндігі шек­теулі жандарға ар­налған «Самғау» ұлт­тық қоғамдық сыйлығына лайық деп танылған.
Бастапқыда Азат, Тұрар, Сапарбай атты тағдырлары Шымкент қаласындағы зағиптарға арналған «Үміт» мектеп-интернатында тоғысқан ұлдардан құралған топ құрамы бүгінде жаңарып, репертуарын патриоттық, махаббат, өмірлік құндылықтар туралы әндермен толықтырды. Репертуардағы біраз әндердің авторы – топ орындаушысы Азат Әділбаев.
«Аманат» авторлық және аралас құқықты қорғау жөніндегі қауымдастық қолдауымен өтетін кеш қонақтары белгілі эстрада әншілері Маржан Арапбаева және Асхат Тарғын.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button