Мәдениет

ВЕНАҒА МУЗЫКАЛЫҚ САЯХАТ

8 қазанда «Астана Опера» театрының Камералық залында ІІІ халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында «Венаға музыкалық саяхат» концерті өтеді.

vena

Веналық белгілі пианиношы Штефан Маттиас Ладеманн қатысатын концертте Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт, Франц Шуберт, Людвиг ван Бетховен сынды ұлы композиторлардың, Вена операсына түрлі мерзімде басшылық еткен Густав Малер және Рихард Штраустың әйгілі шығармалары орындалады.
Концертте сондай-ақ, «Астана Опера» театрының солистері – Вена консер­ваториясының түлегі Мәдина Исламова (сопрано), Арменияның халық әртісі Барсег Туманян (бас), Любовь Ткаченко (арфа), Александр Тараскин (флейта), қазақстандық пианиношы, А. Брукнер атындағы университеттің магистратура түлегі (Линц қаласы, Аустрия) Ернар Нұртазин өнер көрсетеді.
Кеш сағат 18.00-де басталады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button