Руханият

Өмірге құштар ақын

Елордадағы Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Есенгелді Сүйіновтің «Өмірге мәңгі құштармын» атты оқырмандармен кездесуі болды.

Кешке елордадағы зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты. Шара барысында ақын Бақытжан Тобаяқов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және сая­саттану факультетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Айтмұхамбет Есдәулетов қатысып, ақынның шығармашылығы төңірегінде жылы лебіздерін білдірді.
– Мен Есенгелдіні тек ақын, жазушы ғана емес, сонымен бірге әдебиет зерттеушісі екенін де айтқым келеді. Ол архивтерді аралап, еліміздің тарихына қатысты жаңа материалдарды іздеп тапты. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов жайлы тың деректерді жинастырып, баспасөз беттерінде жариялады. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға да белсене қатысып, рухани өмірімізді дамытуға өзіндік үлесін қосуда, – деді тарих ғылымының докторы Марат Әбсеметов.
Еуразия гуманитарлық институтының колледж студенттері ақынның өлеңдерін оқыды. Жиналғандар кеш иесінің шығармалары жарияланған кітаптары мен мерзімдік басылымдардан дайындалған көрмемен танысты.
Кеш соңында Есенгелді Сү­йінов қойылған сұрақтарға жауап беріп, жаңа өлеңдерін оқып, шығармашылық жоспарлары жайында әңгімеледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button