Мәдениет

Өнер ұжымдары шақырады

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелері апта сайын қала тұрғындарына арнап іс-шаралар ұйымдастырады. Осы апта соңында қала тұрғындары мен қонақтары бірнеше концертті, сүйікті әртістерінің өнерін тамашалай алады. Еліміздің көрнекті қайраткерлері туралы дәріс тыңдап, мұражайларды аралау мүмкіндігі бар. Театрларда премьералар өтеді.

[smartslider3 slider=2542]

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 2 сәуір күні сағат 11:00-де балаларға арнап А.Болдиновтың «Ләйлек балапанының хикаялары» ертегісін, ал сол күні сағат 18:00-де А.Островскийдің «Найзағай» драмасын ұсынады.

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония­сы 31 наурыз күні сағат 19:00-де «Астана» концерт залында «Уақыт ағынында» атты ішекті аспаптар квартетінің концертін, 2 сәуірде үрмелі аспаптар оркестрі мен камералық хоры «Компьютерлік ойындардың саундтректері» музыка кешін ұйымдастырады.

2 және 3 сәуір күндері сағат 16:00-де Астаналық цирк жұртшылықты Алматы мемлекеттік циркінің «Excentriko» бағдарламасына шақырады.

«Жастар» театры көрермендерге екі қойылым әзірлеп отыр. 31 наурызда Қ.Жүнісовтің «Пранк махаббат» комедия­сын, 2 және 3 сәуірде І.Есенберлиннің «Ғашықтар» драмасын көрсетеді.

Қуыршақтар театрында 31 наурызда «Наурыз-думан» қуыршақтар шоуы, 1-3 сәуір аралығында Г.Х.Андерсеннің «Кішкентай су перісі» ертегісі өткізіледі.

Музыкалық жас көрермен театры 31 наурыз бен 1 сәуірде «Табысты орын» комедиясын, ал 3 сәуірде «Махаббат – жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклін көрсетеді.

Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры 1 және 2 сәуірде Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» спектаклінің премьерасын ұсынады.

Нұр-Сұлтан қаласының біріккен музейлер дирекциясы да осы аптада көптеген іс-шара жоспарлап отыр. Олардың басым бөлігі онлайн форматта ұйымдастырылады. 1 сәуірде «Атамекен»: Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің аккаунттарында бұлбұл әнші, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Табиғат сыйлаған дарын» атты дәріс өтеді. 1 сәуірде дирекция «Сол қанды уақытта» көрмесін, ал 3 сәуірде «Тағдырды байланыстыратын жіп» экспозициясын ұйымдастырады.

Сәкен Сейфуллин музейінің әлеуметтік желідегі парақшасында 31 наурызда «Сәкен және Рахима Халфина» атты зерттеу-мақала жарияланады. Ал Нұр-Сұлтан қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалар апта бойы атаулы күндерге орайластырылған кітап көрмелерін, оқу сағаттарын, кездесулерді, әдебиеттерге шолулар мен ашық есік күндерін өткізеді. Қазір қала кітапханаларында Балалар кітабының апталығы өтіп жатыр. Ал 2 сәуірде Халықаралық балалар кітаптары күніне орай №5 балалар кітап­ханасы «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» атты кітап және оқу мерекесіне шақырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button