Елорда тынысы

Өрт қаупінен сақтандырады

Жыл сайын күн суытып, жылыту маусымы жақындаған кезде, адамдардың өрттен қаза тауып, жарақаттану оқиғалары көбейеді. Соның алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үй секторын аралап, тексеру жүргізеді.

[smartslider3 slider=3760]

Тексеру шаралары 3 кезеңге бөлінеді, 1-кезең 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, 2-кезең 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында және 3-кезең 15 қазаннан бастап жылыту кезеңінің соңына дейін жалғасады. Алдын алу шаралары кезінде департамент қызметкерлері аулаларды аралап, рейд жүргізеді, үгіт-насихат жұмысын күшейтеді. Бұл кезде пештер мен мұржалардың, электр жылытқыштардың орнатылуына баса назар аударылады. Оларды орнату кезінде үй иелеріне ақауды жою жөнінде ұсыныс беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынама таратылады.

Департамент бастамасымен өрт қауіпсіздігі айлықтың бірінші кезеңінде әлеуметтік қорғау, әкімдік, тұрғын үй ­инспекциясы, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін аралау жоспарланған. Бұл санаттағы адамдарға ерекше назар аудару қажет, өйткені үнемі дәл осы санаттағы адамдардың өз үйлеріндегі өрт қауіпсіздігі жағдайына назар аударуға мүмкіндігі бола бермейді. Осыған орай, департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтары тұрғын үйлерінің тізімін құрастырды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 1240 тұрғын үй есепте тұр. Сондай-ақ 2022-2023 жылғы жылу беру кезеңінде жалға берілетін 1271 тұрғын үй-жай бар. Статистикаға сүйенсек, биыл қала бойынша 445 өрт оқиғасы болып, 10 адам қаза тапқан, 11 адам жарақат алып, 10 адам құтқарылған және 26 адам эвакуацияланған. Өрттің басым бөлігі, яғни 60 пайызы тұрғын үй секторынан шыққан.

– Құрметті қала тұрғындары, электр құралдарын және жылыту пештерін орнату барысында мұқият болыңыздар! Ақауы бар розеткаларды, басқа да электр құралдарын қолданбаңыздар. От жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыздар, өрт қауіпсіздігі шарттарына сәйкес келмейтін пештерді қолданбаңыздар, бұған салғырттықпен қараудың соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін, – дейді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы.

Өрттің шығуына отты пайдаланғанда абайламау, электр жабдықтарын дәнекерлеу және пайдалану ережелерін бұзу, жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде, сонымен қатар тұрмыстық электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болады.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button