Қоғам

Өрт сөндіру ептілікті қажет етеді

Биыл 1-5 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VII әлем чемпионаты өтеді.

Чемпионаттың ресми ашылу рәсімі «Шахтер» стадионында сағат 18.30-да өтеді. Жарысқа Қазақстан, Беларусь, Словакия, Польша, Чехия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Моңғолия, Австрия, Сенегалдан 10 ер және 5 әйел командалары қатысады. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан құралған ерлер мен әйелдер командалары оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағынан өту, жауынгерлік дайындықты күшейту және 4-тен 100 метрге дейінгі өрт эстафетасынан жарысып, бақ сынайды.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button