Жаңалықтар

Жарамдылығын тексеріңіз

Әр адамның жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін бір ай қалғанда оны ауыстыру мүмкіндігі бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті хабарлады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 492-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы – ескерту жасауға, ал бір айдан астам мерзімде жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осыған байланысты азаматтарға дер уақытында жеке куәліктерінің жарамдылық мерзімін тексеріп тұруды және оларды ауыстыру үшін тұрғылықты жері немесе нақты болу орны бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуді сұраймыз» деп хабарлады құзырлы мекеме.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button