#Жаңа Қазақстан

Отаншылдық отбасынан басталады

-Бүгін отбасымызбен елордадағы №89 мектеп-лицейінде орналасқан №395 сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердік. Бұған дейін де жолдасым екеуміз, тіпті студент кезімізде де бір де бір сайлаудан қалмайтынбыз, өйткені азаматтық құқығымызды қолдану арқылы ел ертеңіне қатысты таңдауымызды жасағымыз келетін.

Бүгін бес баламыз да бізбен бірге барып сайлау барысын көргісі келді. Өйткені олар да есейіп келеді, маңызды датаның куәсі болғысы келуі – заңдылық. Әсіресе үлкен қызымыз Айерке мен ұлымыз Ерасыл бұл күнді ерекше сезініп жүр. Бірнеше жылдан кейін олар да кәмелеттік жасқа толып, тәуелсіз Қазақ елінің бір-бір берік кірпіші болып қаланатынына сенеміз. Туған тілі мен елін сүйетін, азаматтық құқы мен жауапкершілігін жақсы түсінетін саналы ұрпақ тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Ел ертеңін бейбіт күннің сайлау шешімі арқылы жарқын етуге бұйырсын деп тілейміз».

Алма Сайлауқызы,

Астана қаласы бойынша «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық байқауының жеңімпазы, белгілі журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button