#Жаңа Қазақстан

Алдағы дамуымыздың алғышарты жасалады

– Бүгінгі Президенттің кезектен тыс сайлауы – Қазақстан тарихындағы ең маңызды сайлаулардың бірі. Егер тоқсаныншы жылдары тәуелсіздікті сақтап қалу, елімізді құру мәселелерін алдыға шығаратын болсақ, қазіргі сайлау бұл – мемлекетіміздің тәуелсіздігі нығайғанын, тәуелсіз Қазақстанның өз орнын дүние жүзінде алғанын көрсетеді.

Ендігі мақсат – өркениетті, бүкіл әлем санасатын мемлекет болып, демократиялық үрдістерді қолға алып, келесі бір деңгейге шығу, жаңарған жаңа Қазақстанды орнықтыру.

Халық үлкен үмітпен сайлаудың нәтижесін күтеді. Халықтың үміті ақталып, сайланған президент алдағы жеті жылға елге қалтқысыз қызмет етіп, үлкен жетістіктерге жетелейді деп сенемін. Мен де бүгін азаматтық борышымды орындап, өз дауысымды бердім. Жалпы сайлауға отбасымызбен келіп қатыстық. Бүгін Қазақстанның алдағы дамуының алғышарты жасалып, соның арқасында үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.

Сапар Ахметов,

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button