#Жаңа Қазақстан

Озық қоғам көрінісі

Сайлауда дауыс беру – озық қоғамда өмір сүретін әр азаматтың борышы. Мен де бүгін сайлауға қатысып, өз учаскемде – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі #13 учаскеде дауыс бердім..

«Өзгерістер мен әділетті Қазақстан үшін, іргелі ел болуымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін дауыс бердік. Биылғы кезектен тыс президент сайлауын өткізудің басты қажеттілігі – қазіргі кездегі геосаяси тұрақсыздық жағдайында мемлекеттік біртұтастықты сақтау, әлсіреген экономиканы қалпына келтіру мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл ел президентінің сайлау туралы жарлықты бекітуден бұрын ел тұрғындарына жасаған мәлімдемесінде айқын сипатталады: «Әділетті Қазақстанды» құру жолында жаңа реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенімді мандат қажет» деп мәлімдеді. Демек, биылғы сайлаудан кейін ел экономикасы тұрақты дамып, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттер жүзеге асады деп есептейміз.

 Жанат Әскербекқызы,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button