Мәдениет

Отбасылар жарысы

Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент күніне орай аула клубтары арасында «Әке, ана және мен» отбасылық көңілді старттар жарысы өтті.

[smartslider3 slider=1180]

Халық арасында бұқаралық спортты насихаттауды, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруды, сонымен қатар ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты арттыруды мақсат еткен жарысқа қатысушылар 8 кезеңнен тұратын спорттық сайыс­тарда күш сынасты. Өте тартысты әрі қызықты өткен жарыстардың нәтижесінде «Жас барыс» аула клубының атынан сынға түскен Ерлан Шариповтың отбасы жеңімпаз атанды. «Есіл» аула клубының намысын қорғаған Рүстем Алимусинов­тың отбасы екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті «Алан» аула клубының өкілі Ғазиз Бекболатовтың отбасы қорытындылады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне осы жарыс­тың ұйымдастырушысы «Аstana Art Group» ЖШС және «Астана жастары» КММ атынан тағайындалған кубоктар, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар отбасылық жарыстарда белсенділік танытқан «Шағала», «Үркер», «Армандастар», «Самғау», «Астана», «Жас қанат» аула клубтарының отбасылық командаларына, жарыстың ең жас қатысушысы «Үркер» клубының атынан сынға түскен 5 жасар Әльбари Игембердиевке демеушілер атынан сыйлықтар берілді.

– Бүгін өте қызықты жарыстар өтті. Ең бастысы, біз балаларымызбен бірге ойнап, көңіл көтердік. Бұл, ең алдымен, денсаулықты шыңдауға пайдалы болса, екіншіден, отбасылық ынтымақты арттырады. Осындай мағыналы да қызықты жарысты ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Ата-аналарды, балаларды, сондай-ақ барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Елімізде амандық болып, балаларымыз осындай қызықты әрі пайдалы іс-шараларға қатыса берсін, – дейді мерекелік жарыста мерейі үстем болған Ерлан Шәріпов.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button