Қала тіршілігі

Өтініштер ескерусіз қалмайды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарды апта сайын қабылдап, 1000-нан аса тұрғынның өтінішін тыңдаған. Бұл туралы қала басшысы инстаграм парақшасында жариялады.

«Биыл 1 мыңнан аса тұрғынның мәселесіне қанық болдым. Пандемия басталғалы кездесулер онлайн режимге ауысты. Ай сайынғы қабылдауларды апта сайынға ауыстырып, тұрғындардың өтінішін тыңдадым. Көбіне баспана, қосымша білім алу, жұмысқа орналасу, елді мекендерді дамыту және басқа да сұрақтармен жүгінді. Нәтижесінде келелі істер атқарылды. Мысалы, күзде тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық аштық (Республика даңғылы, 32). Ол жерден баспанаға кезек нөмірін, кезекке қалай тұруды, түрлі тұрғын үй бағдарламалары механизмдерін білуге болады. Сонымен қатар баспана бағдарламаларына, тұрғын үй сертификаты мөлшеріне бірқатар өзгеріс енгіздік.
Бізге әлеуметтік мәселелерді шешуге «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы көмектеседі (Бейбітшілік көшесі, 14). Тұрғындарға «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен аса мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ашылған сәттен, яғни 2019 жылдың тамызынан бастап 41,5 мың азамат көмек сұрап келді.
Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 15 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ мектеп бітірушілер үшін мемлекеттік грант санын арттырып, тұрғындарға жақын жерлерден «Үй маңындағы дәрігер» атты 29 нысан аштық. Бұл тағы 180 мың тұрғынға қол ұшын созуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар биыл 5 оңалту орталығы іске қосылды. Қаланы аралау кезінде тұрғындармен тілдесіп, олардың мұң-мұқтажымен таныстым. Өтініштері ескерусіз қалмайды» деп жазды Алтай Көлгінов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button