Қала тіршілігі

Тағы екі елді мекен газға қосылды

Елордада тағы екі елді мекен – Көктал-2 мен Агроқалашық тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Бір текше метр газ бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге төмендетілді. Бұл туралы шаһар басшысы Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында жария етті.

«Тағы екі елді мекен – Көктал-2 мен Агроқалашықтың бір бөлігіндегі үйлерге газ қосылуда. Бұл елді мекендерде газ ішкі кварталды желілер бойынша беріледі. Алғашқы болып қосылған – Железнодорожный елді мекені. Бүгінде 750-ден аса тұрғын техникалық шарттарын бекітіп алған. Фронт-кеңселерде 5 мыңнан аса адамға кеңес берілді.
Тұрғындар газға қосылу үшін «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-ға (Республика даңғылы, 24, «Парасат» СО) жүгінуі керек. Аталған ұйым газбен қамтудың ішкі желілерінің қауіпсіздігін тексерумен, оны қосумен айналысады. Бұған қоса одан әрі пайдалану барысына да жауапты.
Сондай-ақ Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Елорданы газдандыру – Елбасының тарихи жобасы. Газ тарту экологияны жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғандарының өмір сүру жағдайын біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Астананы газдандыру процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Елді мекендердің бәрін кезең-кезеңмен қосамыз. Газ тарту үдерісі – Мемлекет басшысының бақылауында. Қазіргі жылыту маусымында ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің бірқатар су жылытқыш қазандығын да газға ауыстырдық» деп жазды Алтай Көлгінов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button