Президент пәрмені

Өзгелерге өнегеміз

«Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақ­стан­­ды­­­ құрғанымыз. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсім­де­дік.­­ Елдің тұтастандырылған эконо­микалық кеңіс­ті­гін құрдық». Елбасы Нұрсұлтан Назар­­баев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалып­тас­­қан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдау­ын­да осылай деді.

Иә, Кеңес Одағы құлағаннан кейін еліміз өзінің көшін түзеді. Түрлі кедергілерді жеңіп, қиын­дық­­тарды артқа қалдырды. Бү­гін­­­де­ Қазақстан бәсекеге қабі­лет­­ті мем­лекет ретінде дамуға қол созуда. Бүкіл әлемде өз орны, бедел биігі бар іргелі мемлекетке айналды.

Қазіргі таңда әлем елдері Қазақ­­­стан­ға көз тігіп отыр. Дүние­­жүзі сарапшылары ара­сын­­­да «қазақстандық үлгі» тер­мині пайда болды. Бұған мысал көп. 17 мың аралдың елі аталатын Индонезияның аста­насы Жакарта қаласындағы Пан­ка­сила университетінің эко­но­мика факультетіндегі бас­қару мәселелері жөніндегі де­пар­та­мент­тің профессоры, экономика, ше­шендік өнер, менеджмент тақы­рыбына қатысты 4 кітаптың, 15-ке жуық мақала мен зерт­теу­ еңбектерінің авторы Гатут Лухур Будионодан былтырғы жылы елімізге келген сапарын­да­ сұхбат алғанымда өз елінің жағ­дайын Қазақстанмен салысты­ра­ келіп, ол былай деген еді: «Біз­­дің елде халықтың алдымен бас­ қатыратын мәселесі – азық. Яғни, күн сайынғы тамағын тауып жеуді көбірек ойлайтын тұр­ғын­дардың ойдағыдай білім алуларына жағдайлары жоқ. Білім қуып, оқудың қыр-сырын меңгеруге ұмтылғандар да жоқ емес, бірақ ондайлар аз. Ауылдық жерлерде тұратындардың көбі мұғалім болып жұмыс істеуге ұмтылады. Жоғары білімге қол созғандар біліктілігін одан әрі дамыту үшін көрші қалаларда оқуын жалғастырады. Алайда елдің 100 миллионға жуық тұрғыны кедейшілікте өмір сүруде. Еліміз 1990-1991 жылдары экономикалық ауыр дағда­рыс­ты басынан кешірді. Кеңінен тараған парақорлық пен бю­ро­к­ратия да Индонезияның ой­да­ғыдай дамып, өркендеуіне қолбайлау болып отыр. Сонымен бірге, Индонезияда жиі болып тұратын су тасқыны мен зіл­зала да халықтың әлеуметтік жағдайының жақсы деңгейге көтерілуіне кері әсерін тигізуде.

Ал сіздің елдің тұрғындары ер­те­ден кешке дейін еңбек ете­ді­ екен. Тұрғындары мұндай ырғақпен жұмыс істейтін мемле­кет дамудың биік шыңына жете алады деп ойлаймын. Жалпы индо­не­зия­лықтардың көбі Қазақ-­стан­ды жақсы біледі. Сіздердің Ел­ба­сы­ңыз­дың суреті біздің елдің кей­бір­ қалаларының көшелерінде ілулі тұр. Сірә, қайбір жылдары мемлекет басшыларының бас­қо­суы өткен кезде ілінген шығар. Жалпы әлем елдері Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы біледі, құрметтейді.

Менің білуімше, біздің ел сіз­дің елдің экономикалық даму үрді­сін өзіне үлгі етеді. Жоғары дамуға ұмтылушы еңбекқор ел ретінде құрмет тұтады. Сіздің ел­ – өте бай ел. Халықтың әлеумет­тік­ жағдайының өте жақсы екен­дігін көрдім. Біздің елмен салыс­тыр­ғанда сіздерде бай, дәулетті адамдар көп».

Аз-кем уақыттың ішінде өткен кездесуде индонезиялық профессор Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың Қазақстан халқына жыл сайын арнайтын­ Жолдауының мәнділігін, көреген саясаткерлігі мен еліміз тұрғындарының еңбек­қорлығын қайталап айтумен болды. Ол дамудың жоғары сатысына қол созушы қазақтай ұлттың дархандығына таңдай қаққан жалғыз Гатут Лухур Будионо емес, ондай шетелдіктер көп.

Өйткені, ұлттық экономикасы қарыштап даму сатысындағы елдің әлеуметтік ахуалы да жақсы болмақ. «Мықты мемлекет күн­кө­ріс саясатымен емес, жос­пар­лау саясатымен, ұзақмерзімді даму­мен және экономикалық өсумен айналысады». Бұл да Елба­сымыздың Жолдауындағы сөзі. Олай болса, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жол­дау­ын­­да­ғы мемлекетіміздің ерте­ңі­не бағыт сілтер ойлары жүзеге аса беретініне сенім мол. Себебі, елдің жарқын бола­шағының әр кірпіші үлкен сеніммен ғана қаланады.

Жанар НҰРҒАЛИЕВА,
Заң шығару институты
лингвистика орталығының
ғылыми қызметкері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button