ЖаңалықтарМәдениет

ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ФЕСТИВАЛІ

сурет

«Нұр Отан» ХДП Ардагерлер және әскери-патриоттық бірлестіктері қоғамдық кеңесі мен Ауғанстан соғысы ардагерлері республикалық одағының ұйым­дас­тыруымен «Әнім саған, Қазақстан!» атты патриоттық әндер фестивалі мәресіне жетті. Қазақ гуманитарлық заң университетінде өткен шара биыл төртінші рет жалғасын тауып отыр.

Тұңғыш Президент күніне арналған өнер додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үміткерлер бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қос­танайлық Әйгерім Бала­бекова иеленсе, Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Сымбат Танагөзова бірінші орынды қанжығалады. Астана қа­ла­сының намысын қорғаған жерлесіміз Мәдина Қапанова екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, петропавлдық Виктория Ильина, Хантөре Төреханова, Несіпбай Нұрлан сынды өнерпаздар арнаулы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздардың диплом­дарын тапсыруға арналған салтанатты рәсімде «Нұр Отан» партиясы Ардагерлер және әскери-патриоттық бір­лестіктері қоғамдық кеңесінің хатшысы, Ауғанстан соғысы ардагерлері республикалық одағының төрағасы Шәріп­бай Өтегенов сөз сөйлеп, «Бұл шараның келешек буын­ға берері мол. Пат­риот­­­тық әндері неғұр­лым көп насихаттасақ, Ота­нын сү­йетін, жерін, елін ардақ­тай­тын, ұлтын мақ­таныш тұ­­татын ұл-қызда­рымыз да кө­бейе береді» деп атап өтті.

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button