Білім

Педагог мәртебесі – ел мерейі

Білім саласы – мектептің қан тамыры. Ел болашағы да білімді, тәрбиелі ұрпақтың еншісінде. Ал сол саналы ұрпаққа тура жол көрсететін мұғалімдер жағдайы бұған дейін талай көтеріліп, жауапсыз қалып келіп еді. Биылдан бастап Білім және ғылым министрлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтар мен қоғам үшін маңызы зор «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды.

Педагог – болашақ президенттің, ғарышкердің, мемлекетіміздің кез келген азаматының өмір жолына жолдама беретін тұлға. Сондықтан бұл заң – керемет заң. Қабылданған заңның саяси, әлеуметтік мәні үлкен.
Сонымен қатар көп­жылдық өтілі бар, орта жастан асқан педагогтарға біліктілік санатын беру үшін міндетті тестілеу­ден өткізу туралы әлі де ойланып көргеніміз дұрыс болар еді. Мұның өзі педагогтың мәртебесіне әсер етеді. Мысалы, шетелдердің мұғалім мәртебесіне қатысты заңдары педагогтың жас ерекшеліктері мен еңбек өтілін ескеріп жасалады. Жас маманды қорғап, қолдаймыз да, ал көп жыл қызмет еткен мұғалімдерді бір деңгейде қалдыруымыз – қателік. Олардың жетістіктерін, еңбегін елеуіміз керек. Оларды тест тапсыруға мәжбүрлесек, олардың қандай мәртебесі қалады?!
Сондай-ақ мұғалім жалақысын 5 жыл ішінде 25 пайыздан өсіруде. Бұл, әрине, біз үшін үлкен қуаныш. Дегенмен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары ше? Олардың еңбекақысы әлі де өскен жоқ. Педагог ретінде барлық оқытушыларды бөліп-жармай бір деңгейде қараса деймін. Өйткені жоғары оқу орындарында таза ғылыммен айналысатын адамдар сабақ беріп жүр. Олар маман тәрбиелеп біліммен айналыса ма, жоқ тұрмысын ойлап тиын санай ма?

Ырысбике АБДРАХМАНОВА,
Мәшһүр Жүсіп
атындағы №57 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button