Тәуелсіздікке 30 жыл

Қадір тұтар киеміз

Баршаңызға Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі құтты болсын! Бұл – жүрек тұсымызға қолымызды қойып тұрып, шын мәнінде, ойланатын үлкен бір тарихи кезең.

[smartslider3 slider=1435]

Шекарасы шегенделген, көк байрағы көкте желбіреген, Елтаңбасы, картасы бар – тұтас тәуелсіздік дейтін ұлы ұғымды беретін шын мәніндегі біздің ұлы мерекеміз. Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін осы тәуелсіздікті қадір тұтып, тек отыз жылдықтың бедерінде ғана емес, келер жылға, келер кезеңге, келер ұрпаққа сәт сайын, сағат сайын насихаттап отыратын – ол тәуелсіздік. Осы кезде ата-бабамыздың бүкіл арман-аңсары, мақсат-мұраты, кешегі өткен сұрапыл кезеңдер, Кеңес Одағы тұсындағы қазақ елі басынан кешкен оқиғалардың барлығының үлкен қойылған нүктесі – осы тәуелсіздік. Сондықтан еліміздің шеті жаудан, іші даудан аман болып, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Жанарбек ӘШІМЖАН,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button