Мәдениет

«ҚАЛАМГЕРЛЕР» АЛЛЕЯСЫ

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысы Т.Қышқашбаев сая­баққа атау берудің маңыздылығына тоқталды. «Биыл 4-6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Азия елдері қаламгерлерінің форумы өтеді, шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық делегат келмекші, оның ішінде Нобель сыйлығының иегерлері, әлем әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қаламгерлер болады. Осыған байланысты ҚР Мемлекет хатшысы М.Тәжиннің 2019 жылғы 7 маусымдағы өкімімен арнайы республикалық іс-шаралар жоспарымен бекітілген хат жіберіліп, мүдделі құрылымдармен ақылдаса келе, «Қаламгерлер» аллеясы атауын беру туралы ұсынысқа тоқталдық. Мұны Жазушылар одағы да, зиялы қауым да бірауыздан қолдап отыр» деді басқарма басшысы.
Саябақ Абай ескерткішіне, Абай даңғылына, Сәкен мұражайына, Жастар сарайы мен Қ.Қуаныш­баев театрына жақын орналасқан, халық ең жиі жүретін орындардың бірі. Сондықтан да қолданыстағы заңнамаға және оның талаптарына сәйкес, 2019 жылғы 24 шілдеде қалалық ономастикалық комиссия отырысында бұл мәселе қаралып, оң шешімін тапқан. Келесі баяндамашы Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиа­лының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қатысушылардан осы бастаманы қолдауды сұрады. Аталған ұсыныс бойынша дауыс берілді, дауыс беру қорытындысы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының көпшілік тыңдаулар хаттамасы түрінде қабылданып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button