Мәдениет

Қандастар тағдырын толғаған

Елордада жазушы, тарихшы Жәди Шәкенұлының шығармашылық кеші өтті.

[smartslider3 slider=2914]

Қаламгердің 55 жасқа толған мерейтойына орай өткізілген бұл кеште ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері тарихи романдардан тартып, балалар әдебиетіне дейін қалам тербеген жазушының шығармашылық қырларына тоқталып, ықыласты лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, арнау өлеңдер оқылып, Жәди Шәкенұлының сөзіне жазылған әндер шырқалды.

Жәди Шәкенұлы 1967 жылы Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа оралған. Шетел қазақтарының тағдыры туралы өндіре жазып жүрген Жәди Шәкенұлы әдебиет пен журналистика саласына еселі еңбек сіңіріп, «Қытайдағы қазақтар», «Қытай қазақтарының әдебиеті», «Түркілік тек және қазақ тұрғақтары»(зерттеулер), «Қаралы көш» (тарихи роман) сынды 20-дан аса кітап жазды. 40-тан астам кітап құрастырды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button