Рухани жаңғыру

«Қара шаңырақ» қоғамды түзей алса…

Жуырда елордада Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егембердінің қолдауымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриотизмді дамытып, бәсекеге қабілетті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу мақсатында «Қара шаңырақ» жобасы жұмысын бастады. Ұлтжанды азаматтар дөңгелек үстел басында жиналып, жобаның қалай өрбитінін талқылады.

«Қазіргі қоғамда болып жатқан жастарымыздың түрлі бейбастақ әрекеттері, ұятсыз қылықтары, үлкенге құрметтің азаюы, ажырасу, балалардың жетім қалуы, жемқорлық және тағы сондай мәселелер көбейіп кетті. Бұл бір рухани кесел болды. Осы дерт дендеп, ұрпағымызға кесірі тимесін десек, қоғамды рухани сауықтыру керек. Жас ұрпақтың бойына ар, ұят, намыс, кісілік сынды қасиеттерді бала кезінен сіңдіру керек. Қазақта ар, ұят әрдайым құнды болған. Жастарды арды жасынан сақтау, ұятты, намысты бәрінен биік қоюға тәрбиелеуіміз керек. Қазақтың бойындағы, қанындағы ұйықтап жатқан нәрсені ояту қажет. Оның бір-ақ жолы бар. Ол – ұлттық құндылықтарға негізделген тәлім-тәрбие. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп тектен-текке айтылмаған. Осы мақсатта рухы бір, идеясы, ойы бір жерге түйіскен ұлт жанашырлары, қоғам белсенділері болып, «Қара шаңырақ» жобасын қолға алдық» деді жобаның бастамашысы, тарихшы Тұрар Шәкен.
Бұған қоса, белгілі ғалымдар Мырзагелді Кемел мен Жамбыл Артықбаев, өзге де ұлт жанашыр­лары жоба жайлы пікірлерін білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button