Басты ақпаратЕл тынысы

Қазақ халқына мың алғыс!

1 наурыз – Алғыс айту күні. Мерейлі мерекеге орай елордада көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткізген қайырымдылық шарасы. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көңіл бөлген шара барысында қала тұрғындарына мерекелік концерт ұсынылып, түрлі тағамдардан тұратын дастарқан жайылды.

Мерекелік іс-шаралардың ауқымы кең. 1 наурызға дейін «Алтын жүрек» ән челленджі, «Алғысыңмен жақында» алғыс айту сабағы, «Рахмет саған, елордам» атты оқушылардың тілегі, «Қазақстан – мейірім мекені» тақырыптық экспозиция, «Алғыс сандығы» елорда тұрғындарына алғыс білдіру іс-шарасы, «Алғысқа бөлену» адам өмірін құтқарған батыр балаларға алғыс айту акциялары жоспарланып отыр. Қала мектептерінде «Алғыс батасы» атты қарт адамдарға көмектесу іс-шарасы, сол сияқты әлеуметтік желілер арқылы «Арайлы атамекенім» челленджі, «Тарих ғибраты – архив құжаттарында» деген тақырыппен фотоқұжат көрмесі ұйымдастырылады.

Бұл күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Окушылар сарайында «Досыма менің мың алғыс» мерекелік құттықтау, «Қазақ халқына мың алғыс» онлайн-квесті, «Анам мен әкеме алғыс» сурет және фото көрмесі, «Қазақстан – мейірімділік мекені», неміс этнолингвистика орталығының қолданбалы шығармашылық бойынша шеберлік сыныбы болады.

Мәдениет мекемелері бұл күні қойылымдарын дайындап отыр. Мәселен, Қуыршақ театры ерекше балаларға арналған «Элвин және жұмбақ орманның тұрғындары» спектаклін қойса, «Жастар» театрында «Демеу» орталығының мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлерге арналған «Жолы болғыш жігіт» қойылымы өтеді. Мерекенің құрметіне жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне, сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандарына алғыс білдіріп, ыстық шай мен бауырсақ, ыстық тамақ таратылады. Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел отырысы, сол сияқты мұқтаж балалардың еміне арналған қайырымдылықтан жиналған қаражатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтеді. 1 наурыз күні Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қояды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button