Басты ақпаратТаным

ҚАЗАҚСТАН – ИНДОНЕЗИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫМЫРАСЫ

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың Индонезияға мемлекеттiк сапары сәттi аяқталды.Джакартадағы «Истана Мердека» сарайында өткен Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен Индонезия Президентi Сусило Бамбанг Юдойоно арасындағы келiссөзi барысында екi ел қарым-қатынасының қазiргi ахуалы мен болашағы жайлы жан-жақты пiкiр алысылып, бiрқатар тиiмдi уағдаластықтарға қол жеткiзiлдi.

Алдымен, бұл елге аз-кем анықтама бере кетсек. Ин­донезия – Оңтүстiк-шығыс Азияда өзiндiк орны, ха­лық­аралық аренада айтарлықтай салмағы бар мемлекет. 17 508 аралда орналасқан бұл мем­лекетте 400-ден астам вул­кан ошағы бар деседi.  Қа­зақ­стан-Индонезия ара­сын­дағы сая­си, экономи­калық, сауда бай­-ла­нысы 1993 жылдан бастау алады. Екi елдiң ұқсас тұс­та­ры көп. Со­ның бiрi – халық­тар бiрлiгi. Ол елде 150 ұлт пен ұлыс­тар­дың өкiлi тату-тәттi тiр­­шiлiк етiп жа­тыр. Жер ау­қы­мы  бо­йынша әлем­де он төртiншi орын­дағы ел­дiң ха­лық саны – 250 мил­лион. Олар­дың 85 пайы­зы – мұсыл­мандар. Қазба бай­лық­тан кенде емес, аг­рар­лық, тау-кен өндiрiсi, энер­ге­ти­калық сала­ларының әлеуе­тi зор. Тiптi, кейiнгi алты жылда экспорт көлемi 2 есеге өскен екен. Ал, Қа­зақстан – Орта Азиядағы да­му­шы ел­дердiң арасында, әсiресе астық экс­порты бойын­­ша  көш бастап тұрған бiрден-бiр мем­лекет. Жерi­нiң  бестен бiрiн   теңiз  жай­лап жат­қан  Индо­незияда жыл  сайын   ұн, қант, сүт  ба­ғасы 10-15 пайызға қым­бат­тайды екен.  Халқы жы­лына   4 мил­лион тонна астық тұты­на­ды. Сондықтан,  мем­лекет ауыл шаруашылығы  өнiм­де­рiне мұқтаж. Түйiндеп айт­сақ, олар­дың бiзге, бiздiң оларға берерiмiз мол.
Келiссөзден кейiн қос елдiң басшылары бiрлескен мәлiм­деме жасады. Елбасы Қазақ­стан мен Индонезия ара­сында мұнай-газ сек­то­ры, энерге­тика, көлiк, ма­шина­құрас­тыру, фар­мацев­тика, туризм, тамақ өнер­кәсiбi мен шағын және орта бизнестi дамыту маңызды екенiн атап айтты.
Сондай-ақ, Индонезия пре­­­зи­дентiн Қазақстан, Ре­сей, Беларусь мемлекетте­рi Кеден­дiк одағының мүм­кiн­дiгiн пай­далануға шақыр­ды.
Екi елдiң президенттерi эко­номикалық дамумен қа­тар, сая­си байланысты да ны­ғай­ту туралы мәмiлеге келдi. Атап айтсақ, Қазақстан бас­шы­сы Индоне­зияға Азияда­ғы өз­ара iс-қимыл және сенiм шара­ла­ры кеңесiнiң толық­қанды мү­шесi болу жөнiнде  ұсыныс жасады.
Бұдан бөлек, екi елдiң көш­­­басшылары 2013 және 2014 жыл­дары Қазақ­стан­дағы Ин­до­­незияның Мәде­ниет күн­дерi мен Индо­не­зиядағы Қа­зақ­­станның Мәде­ниет күн­дерiн өткiзуге келiстi.
Сапар барысында Қазақ­стан Президентi азаттық жо­лын­да құрбан болған 7 мың сар­баз жерленген «Кали­бата» ұлттық батырлар мемо­риа­лына сал­танатты гүл қою рә­сiмiне қа­ты­сып, Құрметтi қо­нақтар кiтабына iзгi тiле­гiн жазды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button