Жаңалықтар

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысамыз

Елордада қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұлғайту мақсатында POS-терминалдар енгізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұлғайтып, елорданың сау­да орындарында кассалық аппараттардың болуын бақылауға алуды тапсырған болатын.

Осы ретте елорда әкімі А.Көлгінов Mastercard өкілі Н.Виллемемен «ақылды қалалар, ақылды бағыттар» қалалық туризм бойынша UNWTO VIII жаһандық саммиті аясында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуді талқылады.
Кездесу барысында Mastercard халықаралық төлем жүйесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп туристік нысандарда (кафе, мұражайлар, галереялар, көрмелер және т.б.) қызметтер мен сервисті кеңейту бойынша жұмыстар жүргізетін болады. Жоба жүзеге асқанда көрсетілген қызметтерді қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есебінен төлеуге болады. Ол үшін қосымша POS-терминалдар орнатылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button