Мәдениет

Қуыршақтар шақырады

Кішкентай елордалықтар үшін де алдағы демалысты сәтті ұйымдастыруға ұсыныс бар. 13-14 тамыз күндері Астана қаласының әкімдігіне қарасты Қуыршақ театрында «Ормандағы ертегі» атты спектакль қойылады.

4

Онда тәрбиелі Қоян, тентек Түлкі, мейірімді Аю балаларды достық әлемімен таныстырады. Яғни, қойылымға келген әрбір бүлдіршін дос болудың қаншалықты жауапты іс екенін ұғынып қайтады. Спектакльдің авторы – Тоғжан Хасанғалиева, ал режиссері – Айжан Салаева. Сағат 12.00-де қойылымның орысша нұсқасы, сағат 14.00-де қазақша нұсқасы көрсетіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button