#Жаңа Қазақстан

Сайлау – демократиялық қоғамның көрінісі

Бүгін еліміздегі ең үлкен саяси оқиға. Сайлауға ұйымшылдықпен қатысу — әрбір азаматың парызы. Сайлау учаскесіне ерте келіп, дауыс берген әріптес ардагер ағамыздың бірі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, “Қазақстанның құрметті журналисі”, ардагер Жұмаділ Әділбаев. Ол биыл Шығыс Қазақстан облысынан Астанаға қоныс аударып, елордада бірінші рет дауыс берді.

“Бұл сайлау – ерекше сайлау, демократиялық қоғамның көрінісі. Президеніміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқанындай, демократиялық, еркін сайлау.
Президенттің айтқандары орындалар болса, ешкімге қысым көрсету болмайды, бәрі еркін, ашық форматта өтеді.
Бюллетеньдерді санауда заң бұзушылық болмайды деп сенеміз. Үміткерлердің бәрі жақсы. Өзім Президенттің бастаған бастамаларының іске асатынына сенемін. Жалпы, бізді біріктіретін ортақ мақсат – ел игілігі үшін жұмыс істеу. Міне, сондықтан да “Астана опера” театрында орналасқан #393 сайлау учаскесіне келіп, отбасымызбен дауыс бердік”, – дейді ардагер журналист Жұмаділ Әділбаев.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button