#Жаңа Қазақстан

Нұржамал Үсенбаева: Сайлауға қатысу – азаматтық борышымыз!

Президентік сайлауға қатысу – әр азаматтың борышы!Өйткені бұл біздің болашағымыз. «Жаңа Қазақстанды» құру жолында халықтың бірігуі, ел президентінің жанында топтасуы мемлекеттегі тұрақтылықты орнатуға өз әсерін тигізеді.

Геосаяси тұрақсыздық жағдайында кезектен тыс сайлау өткізу – ең батыл қадам ретінде үлкен өзгерістердің болатынына кепілдік береді. Мен өнер адамы ретінде ғана емес, осы елдің азаматы ретінде халықтың Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан құру жолындағы нақты шешімдерін қолдау мақсатында сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасап, Астана қаласы #73 мектеп-лицейінде орналасқан #60 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім.

Нұржамал Үсенбаева,

әнші, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button