Жаңалықтар

Санақ бейнебайланыс арқылы өткізілмейді

Танымал мессенджерлер арқылы әлдебір азаматтар «Халық санағы» аясында бейнебайланыс арқылы сауалнама жүргізіп жатқандығы туралы аудиожазба тарауда.
Осыған орай, Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлама таратып, қашықтан, яғни телефон, бейнебайланыс, мессенджер лер арқылы сауалнама жүргізу қарастырылмағанын жеткізді.
Қазанның 1-30 аралығында интервьюерлер азаматтарды толық қамту мақсатында үйлерді аралайды. Үйлерді аралау кезеңінде интервьюерге арнайы куәлік пен ұлттық санақтың логотипі бейнеленген көк түсті мойынорағыш пен сөмке беріледі. Куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосуреті, толық аты-жөні болады. Куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бұл нөмірді sanaq.gov.kz  сайтында «Интервьюерді іздеу» жолағына енгізуге болады, содан кейін сайтта интервьюердің деректері көрсетіледі. Сондай-ақ интервьюердің жеке басын 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да тексеруге болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button