Мәдениет

«Шаңырақта» – «Катарсис»

 2009 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінде ашылған театр алғашқыда «Шамшырақ» деп аталды. 2011 жылы «Шаңырақ» болып өзгерді. Биыл бұл театр ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Катарсис» қойылымын сахналады.

Қойылым Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» шығармасының желісімен жазылды. Артында өміршең сөзі қалған Ахметтің мұрасы сахнада қайта тірілгендей болып көрінді. Жан-жануарлардың кейпі арқылы қоғамдағы өтірік пен ақиқат, жақсылық пен жамандық, әділдік пен арамдық суреттелді.

Қойылымның басты кейіпкерлері – қу түлкі, аң патшасы – арыстан және маса. Спектакльдің инсценировкасын жазған – Абзал Мақаш, режиссері – Еркебұлан Әуелбек. Екеуі де филология факультетінің 3-курс студенті. Бұл – драмалық шығарма жазудағы Абзалдың, ал режиссер ретінде Еркебұланның алғашқы жұмысы. Қойылымның тағы бір ерекшелігі – университетіміздің бірінші курс студенттері сахналады.

Алмагүл ТАСТАНОВА, журналистика және
саясаттану факультетінің 3-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button