Жаңалықтар

Шаттанған «Шағала»

Ұлыстың Ұлы күнi Наурыз мерекесiне орай қаламыздағы №16 «Шағала» балабақ-шасында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелiк шара болып өттi. Мерекелiк шараны ересектер тобының тәрбиешiлерi Қ.Құсайынова мен Ә.Бекбосынова ұйымдастырды.
Сондай-ақ, тағы бiр ересектер тобының тәрбиешiсi Б.Қалабаева да өз тобымен бiрге шараға белсендi атсалысты. Мерекелiк шара барысында алдымен бүлдiршiндердiң өнерлерiне кезек берiлдi. Наурыз жырлары мен қазақтың халық әндерiн нақышына келтiрiп шырқаған жас ұрпақ өкiлдерiнiң арасында ұлттық билерiмiздi де өрнегiн бұзбай орындайтындары табылды. Мерекелiк думан барысында бүлдiршiндер арасында бiрнеше қазақтың ұлттық ойындары ойналып, жеңiлгендерi өз өнерлерiн көрсеттi. Ең қызықты сайыстың бiрi – балалар арасындағы «қол күрес» сайысы болды. Балабақша аралас тiлдi болғандықтан шараға өзге ұлт өкiлдерi де қатысты. Бiрiншi бөлiмнiң соңында орыс тобында тәр-биеленетiн балалар екi топқа бөлiнiп алып қыз бен жiгiт айтысын жасады. Балабақшаның шағын залын сәбилердiң балдай тәттi тiлiнен тараған ұлттық әуендерiмiз баурады.
Шараның екiншi бөлiмi тәрбиешiлер мен ата-аналардың қатысуымен өткен театрландырған көрiнiс болды. Көрiнiсте құда-жекжат, көршi-қолаң арасындағы Наурыз мерекесi кезiнде жасалатын салт-дәстүрлердiң бiрқа-тары көпшiлiкке ұсынылды. Тәрбиешi апайлар «Наурыз» биiн билеп, ән салды. Мерекеге келген ата-аналар да ортаға шығып өз өнерлерiн көрсетiп жатты. Қысқасы, осы шағын мерекелiк шара арқылы ұлттық өнерiмiз бен салт-дәстүрiмiз сәбилер арасында салтанат құрды. Мерекелiк шараны №16 «Шағала» балабақшасының меңгерушiсi Г.Түктiбаева мен қаламыздағы басқа мекемелерден келген қонақтар тамашалады. Қонақтар шара өте жоғары деңгейде өттi деген лебiзбен ұйымдастырушыларға риза болып тарасты.
С.Дүйсенғазин

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button