Елорда тынысы

Спортшыларға арба сыйлады

Жуырда Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, депутаттар Талғат Қожахметов, Салтанат ­Дженалаева, Ерлан Дәкенов қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевпен бірге параолимпиадалық дайындық орталығына барып, спортшылармен жүздесті.

Халық қалаулылары паракаратэден әлем чемпиондары Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджановқа арнайы арбаны сыйға тартты.

«Депутаттық корпустағы әріптестерім Талғат Қожахметов, Салтанат Дженалаева, Ерлан Дәкенов, сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевпен бірге Паралимпиадалық дайындық орталығына бардық. Кешкі жаттығу барысында паракаратэден әлем чемпиондары Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджановқа сый-құрмет көрсетіп, арнайы спорттық арбаны сыйға тарттық. Италияның Бергамо қаласында өткен әлем чемпионатында елордалық спортшылар туымызды биікке көтерді. Паракаратэшілеріміздің сапарын қаржыландыруға мәслихат депутаттары көмектесті. Алда Дидар Мұхамеджановты желтоқсан айында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты күтіп тұр. Біз спортшыларымызға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсететінімізге уәде бердік. Жеңісті күндерде кездескенше!» деп жазды бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ерлан Каналимов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button